«Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік»: қазақстандық мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа міндетті пәндер енгізіледі, олардың ішінде «Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік» бар. Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларына сәйкес оқу жоспарлары мен стандарттарын қайта қарау туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.

2027 жылы Астана маңында жаңа халықаралық әуежайдың құрылысы басталады

Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жобаны дайындау жұмыстары жеделдетілді. Қазіргі уақытта елорда әкімдігі тиісті дайындық шараларын жүргізіп жатыр.

Берекелі ауыл бәйгесі

Сарыағаш ауданы әкімінің қолдауымен, ауылдың бір күндік тұрмыс тіршілігі мен қазақтың ұлттық ойындары көрініс тапқан «Ауылдағы бір күнім» тақырыбында жарыс жоғары деңгейде болып өтті. Келес және Сарыағаш аудандарынан жастар қатысқан жиында Аналар кеңесінің төрайымы және «Ару аналар» тобының әжелері әділқазылар құрамында болып, өздерінің тәжірибелерін ұштастыра әділ бағаларын беріп отырды. Дәстүрдің дәмі сезілген дода жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.

БАҚ өкілдері марапатталды

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай, медиа саласының өкілдері мен жергілікті газет редакторы мен қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында ақпарат саласында ерен еңбек етіп жүрген мамандарға алғысын білдіріп, журналистердің билік пен халық арасындағы алтын көпір екенін атап өтті.