
Зейнетақы жинағын пайдаланғандар саны 1,5 млн адамға жетті, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.
БЖЗҚ дерегінше, 2021–2026 жылдар аралығында шамамен 1,5 млн қазақстандық зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланған.
- Оның 950 мыңға жуығы — тұрғын үй алуға,
- 570 мыңнан астамы — емделуге жұмсаған.
- Осы кезеңде жалпы 5,8 трлн теңге алынған.
Жаңа әдістемеден кейін ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар азаматтар саны 500 мыңнан 30 мыңға дейін қысқарған.
Дереккөз: 24kz


