
Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан күдіктілер – сыған ұлтының өкілдерінен құралған отбасылық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бір отбасының үш келіні келісіп, ұйымдасқан түрде ұрлықпен айналысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың Алматы қаласы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Дереккөз: @baq_kz


