Иран мен МАГАТЭ ынтымақтастығы қайта жандануы мүмкін

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) алдағы бірнеше апта ішінде Иранның ядролық нысандарына қол жеткізеді деп үміттенеді. Бұл туралы МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бұл алдағы бірнеше аптада, тым кешікпей жүзеге асады деп үміттенемін. Олар қол қойған өзара түсіністік туралы меморандумда жан-жақты келісімге қол жеткізу үшін 60 күн мерзім қарастырылған. Әрине, құжат тек ядролық мәселелерді ғана қамтымайды, — деді Рафаэль Гросси.

Оның айтуынша, меморандумда Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының еркіндігін қамтамасыз ету және атысты тоқтатуға байланысты аумақтық тұтастық мәселелері де қамтылған.

Яғни құжатта көптеген маңызды әрі күрделі мәселелер қарастырылған. Тараптар өздеріне осы екі айлық мерзімді белгілеп отыр. Уақыт өтіп жатыр, сондықтан белгіленген мерзімнің аяқталуына көп қалған жоқ. Егер осы уақыт аралығында түпкілікті келісімге қол жеткізілсе, нақты жұмысты бастауға мүмкіндік туады. Әлбетте, бұл жұмыс ядролық нысандарға қол жеткізуді де қамтиды, — деп түсіндірді МАГАТЭ басшысы.

@qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар