Олжас Бектенов Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінің жұмысымен танысты

Фото: Primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, Астана қаласында ашылған Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы технологиялық жарақтандыру деңгейімен және білім беру жағдайымен танысты.

Фото: Primeminister.kz

«1 шілдеде жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Онда адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалған. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақ ұлттық спорт университеті ашылды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет спорт, білім беру, медицина және инновация тоғысында ұлттық мекеменің іске қосылуы біздің құндылық бағдарларымызды айқын көрсетеді. Біз жаңа буын мамандарын даярлап жатырмыз»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

Университет «Жаттықтырушылық қызмет», «Спорт ғылымдары» білім беру бағдарламалары бойынша, сондай-ақ спорттық медицина және оңалту, спорт журналистикасы, менеджмент, спорттағы жасанды интеллект және аналитика, киберспорт және басқа да бағыттар бойынша мамандар даярлайды. Бүгінде Қазақ ұлттық спорт университеті Eklore-ed School of Management, Corvinus University, University of Guglielmo Marconi, Swiss Institute и Hungarian University of Sports Science секілді шетелдік жетекші серіктестермен бірлесіп, қос дипломды білім беру бағдарламаларын, академиялық ұтқырлықты және спорт ғылымын дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда. Xinhua Daily Media Group пен Nanjing Polytechnic Institute қатысуымен спорт журналистикасы медиа орталығы құрылуда.

Сонымен қатар, ЖОО аумағында қауіпсіздік, адал спорт және талантты жастарды қолдау саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. Олардың ішінде құтқару инновациялары және алғашқы көмек орталығы бар, онда 3,5 мыңнан астам педагог оқытылып, 100-ден астам халықаралық сарапшы-жаттықтырушылар дайындалды. Әйелдердің спорттағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ҚР әйелдер бастамасы, сондай-ақ Life Chance Grant және Merit Grant гранттық бағдарламалары да жүзеге асырылуда.

Дереккөз: @KZgovernment

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар