Қытай–Қазақстан логистикалық базасы құрылғалы 8 мыңнан астам пойыз қабылдады

Фото: Синьхуа

Қытайдың шығысындағы Ляньюньган портындағы Қытай–Қазақстан логистикалық базасы 2014 жылдан бері 8 мыңнан астам жүк пойызына қызмет көрсетті, деп хабарлайды Синьхуа.

Дүйсенбі күні автокөлік бөлшектері тиелген халықаралық жүк пойызы Қытай–Қазақстан логистикалық базасынан Өзбекстандағы Аблық теміржол стансасына жолға шықты. Бұл рейс аталған база іске қосылғаннан бергі 8 мыңыншы жүк пойызы болды.

Нанкин кеденінің мәліметінше, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша осы базадан және кері бағытта жөнелтілген Қытай–Еуропа/Азия жүк пойыздарының жалпы саны 485-ке жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға көп. Атап айтқанда, биыл маусым айында бұл көрсеткіш алғаш рет 100-ден асты.

Ляньюньган портындағы Қытай–Қазақстан логистикалық базасы 2014 жылғы 19 мамырда ресми түрде пайдалануға берілген. Ол Қытай мен Қазақстан арасындағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы нақты жобалардың бірі әрі жаңа Еуразиялық трансконтиненттік көпірдің шығыс бастапқы нүктесіндегі маңызды халықаралық логистикалық хаб саналады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша база қызмет көрсеткен Қытай–Еуропа/Азия бағытындағы 915 жүк пойызы жалпы саны 75 030 стандартты контейнер тасымалдаған. Ал база арқылы өткен жалпы жүк айналымы 5,1597 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13,74 пайызға артты.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар