Трамп НАТО-дағы одақтастарына қатысты ұстанымын жұмсартты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның Анкарадағы саммитінен кейін альянстағы одақтастарына қатысты ұстанымын жұмсартып, жиынның нәтижесін жоғары бағалады.

Euronews мәліметінше, саммит барысында Еуропа елдерінің көшбасшылары қорғаныс шығындарын ұлғайту және өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі міндеттемелерін растаған. Жабық отырыстан кейін Трамп бұған дейінгі сын пікірлеріне қарамастан, саммиттегі бірлікті ерекше атап өтті. Оның айтуынша, кездесу өте табысты өткен.

Сарапшылар мұны АҚШ президентінің альянсқа қатысты ұстанымының қысқа уақыт ішінде өзгергенінің кезекті көрінісі ретінде бағалап отыр.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар