Қазақстан аумағында игеруге жарамды 4,26 млрд тонна мұнай қоры бар

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында елдегі табиғи газ бен мұнайға ілеспе газдың қорын атады.
Елімізде бір жылда жүрекке 13 мыңнан астам ота жасалды

Қазақстанда жоғары технологиялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жүрекке 13 106 ашық операция жасалды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артық.
АҚШ-тың шектеулері Кубаның энергетикалық дағдарысын күшейтіп, ұлттық электр желісі істен шықты

Кубада ұлттық электр желісі осы аптада екінші рет толық істен шығып, аралдағы миллиондаған тұрғын жарықсыз қалды. Энергетикалық дағдарыстың басты себебі жанармай тапшылығы мен АҚШ-тың ұзақ жылдар бойы енгізген санкция салдары.
Еуропада аптап ыстық салдарынан он мыңнан астам адам көз жұмды

Мамандардың мәліметінше, қайтыс болғандардың 9 мыңнан астамы 65 жастан асқан азаматтар. Жоғары температура жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесі ауруларының асқынуына да себеп болған.
Тоқаев Қатарға көңіл айту үшін барып, Әмірімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті. Президент Қатардың бұрынғы Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен еліне көңіл айтты.
Маусымда қазақстандықтарға 269 мыңнан астам жеке куәлік пен паспорт берілді

2026 жылдың маусым айында Қазақстанда азаматтарға 269 мыңнан астам паспорт пен жеке куәлік рәсімделді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
Қазақстан мен Әзербайжан арасында тағы 2 жаңа әуе бағыты ашылады

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы кеңейіп, алдағы уақытта Ақтөбе мен Атыраудан Бакуге жаңа тұрақты рейстер ашылады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Миллиард теңге жымқырып, үш жылға сотталған Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

2025 жылы мамыр айында үш жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты.
Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық жарыста топ жарды

Биылғы олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындап, білімдері мен ғылыми даярлықтарын сынға салды. Қазақстандық жас физиктер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бес алтын медаль иеленді. Бұл – Қазақстанның IPhO олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже.
Елімізде 9,1 млн тонна мал азығы дайындалды

Қазақстанда мал азығын дайындау науқаны қарқынды жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің қазіргі деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін 9,1 млн тоннадан астам мал азығы әзірленген. Оның ішінде 8,3 млн тонна пішен, 850 мың тонна пішендеме және 35 мың тоннадан астам сүрлем бар.