Қазақстанда шетел азаматтарына суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынды

Тоқаев заңға қол қойды.

Енді Қазақстанда суррогат ана қызметі тек Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ерлі-зайыптыларға ғана қолжетімді болады.

Келісімшарт жасасу үшін болашақ ата-аналар өздерінің дене және психикалық саулығын растайтын медициналық-генетикалық қорытынды ұсынуға міндетті. Сонымен қатар құжат ерлі-зайыптылардың қаржылық міндеттемелерін нақтылайды.

Үздіктерге – құрмет, жастарға – сенім

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев білім жолында үздік нәтиже көрсеткен дарынды оқушыларды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында әкім өз сөзінде ауданның абыройын асқақтатқан білімді жастарға шынайы алғысын білдіріп, білім жолында алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, ел үмітін ақтайтын мықты маман болып қалыптасуын тіледі. Сый көрсетілген жиын жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.

Грантқа үміткерлер жобаларын қорғады

Елімізде осал топтарға жаңа бизнес бастау үшін 1 млн 730 мың тг көлемінде қайтарымсыз грант қарастырылған. Бұл қолдауды алғысы келген Сарыағаш ауданы тұрғындары ең әуелі өтінім беріп, кәсіпкерлік ғимаратында өткен комиссия жұмысына өздерінің бизнес жоспарларын таныстырды. Мұндай мемлекеттік қолдаудың мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, еліміздегі жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.

Қазақстан мен Қытай мәңгілік стратегиялық серіктес

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Қытай Халық Республикасына сапары аясында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөздер өтті.

Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдай ушыға түсуде

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан БАӘ-нің екі мұнай танкеріне соққы жасады. Салдарынан экипаждың бір мүшесі қаза тауып, тағы сегіз адам жарақат алды. Шабуыл Оманның аумақтық суларында болды. Тегеранның мәлімдеуінше, танкерлер бұғаздан өту ережелерін бұзып, сәйкестендіру жүйелерін өшіріп жүрген.

Республикалық бюджет кірісі 24,6% өсті

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды. Ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі уақытылы қаржыландырылды. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.