
2026 жылдың маусым айында Қазақстанда азаматтарға 269 мыңнан астам паспорт пен жеке куәлік рәсімделді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, жаздың алғашқы айы демалыс пен саяхат маусымының басталуына байланысты құжаттарды жаңартатын азаматтар санының артуымен ерекшеленеді.
Тек 2026 жылдың маусым айында еліміз бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарына 269 мыңнан астам паспорт пен жеке куәлік берілді, – делінген хабарламада.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


