
Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті. Президент Қатардың бұрынғы Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен еліне көңіл айтты.
Ол шейх Хамадтың Қатардың дамуына және Қазақстан мен Қатар арасындағы байланыстардың нығаюына қосқан үлесін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық ахуалды, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады. Сондай-ақ Қатар Әмірін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Дереккөз: t.me/stankznews


