2-сынып оқушысына зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды

Оқиға Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде болған. Ер адам қыздың үйіне күндіз ата-анасы жоқ кезде Wi-Fi құпиясөзін сұрау сылтауымен барған. Үйде жасы ұлғайған, көзі көрмейтін атасы, 2-сынып оқитын қыз және бесікте жатқан сәби болған. Ер адам осы сәтті пайдаланып қызға жыныстық сипаттағы зорлық әрекетін жасаған.