
Оқиға Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде болған. Ер адам қыздың үйіне күндіз ата-анасы жоқ кезде Wi-Fi құпиясөзін сұрау сылтауымен барған. Үйде жасы ұлғайған, көзі көрмейтін атасы, 2-сынып оқитын қыз және бесікте жатқан сәби болған. Ер адам осы сәтті пайдаланып қызға жыныстық сипаттағы зорлық әрекетін жасаған.
Кейін қыз анасына ер адамның өзін жанына шақырып, «Бері келші, бетіңнен сүйейін» дегенін айтқан. Оған қоса қыз денесі ауырып жатқанын жеткізген. Анасы бірден полиция шақырған. Жедел-тергеу тобы үйге келіп диваннан тін мен микроталшықтардың үлгілерін алған. Бұл ер адамның кінәсін толық растады. Осылайша ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Дереккөз: t.me/stankznews


