Халықаралық математика олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды

Алматы халықаралық әуежайында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өткен 67-ші Халықаралық математика олимадасының (IMO-2026) жүлдегерлерін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығының ғалымдары Ресей мемлекеттік кітапханасынан Ясауи тариқатының тарихы мен рухани іліміне арналған, бұған дейін ғылыми ортада аса мәлім болмаған XVII ғасырдағы сирек қолжазбаны анықтады.
АҚШ пен Сауд Арабиясы бейбіт атом энергетикасы жөнінде келісімге қол қойды

Құжат Сауд Арабиясының ядролық бағдарламасын іске асыруға америкалық компаниялардың қатысуын көздейді және қазір АҚШ Конгресінің қарауына жіберілген.
Түркістан облысында заңсыз карьерде жұмыс істеген 12 шетелдік ұсталды

Түлкібас ауданында экскаватор мен жүк көлігін пайдаланып, заңсыз жер қойнауын игерген 12 шетел азаматы анықталды. Олардың барлығы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, материалдар сотқа жолданды.
Үкімет Қазақстанның жаңа спутнигіне 10 млрд теңге бөлді

Үкімет KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасын жүзеге асыруға 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Жоба ұлттық спутниктік байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған.
«Қайрат» алғашқы матчта есе жіберді

УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуде алматылық клуб 0:1 есебімен Кипрлік «Омониядан» жеңілді.
Елордада 500 млн теңге көлеміндегі ірі алаяқтық жасаған әйелге үкім шықты

Астанада жұртты алдаған әйел сот үкімімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді

65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар азаматтар енді екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс. Талап орындалмаса, көлік басқару құқығы уақытша тоқтатылады.
Қазақстан электрондық үкімет бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына кірді

OpenAI талдауына сәйкес, Қазақстан Орталық Азия елдерінен көш ілгері озып, жасанды интеллектіні енгізу деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына енді.
Кәсіпқой бокс әлемінде күтпеген жаңалық

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін өз еркімен тапсырды.