25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді

65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар азаматтар енді екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс. Талап орындалмаса, көлік басқару құқығы уақытша тоқтатылады.
Қазақстан электрондық үкімет бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына кірді

OpenAI талдауына сәйкес, Қазақстан Орталық Азия елдерінен көш ілгері озып, жасанды интеллектіні енгізу деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына енді.
Кәсіпқой бокс әлемінде күтпеген жаңалық

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін өз еркімен тапсырды.
Қазақстандық өнерпаздар «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде екі жүлде иеленді

Қазақстандық әншілер Ақерке Амалят пен Жасмина Түзелова XXXV «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өткен ән байқауларында жүлдегер атанды.
Президент жарлығымен бірқатар елші тағайындалды

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Таиландтан 8,8 келі есірткі әкелмек болған қазақстандық 16 жылға сотталды

Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мексикада Димаш Құдайбергеннің 4,5 метрлік мүсіні жасалды

DimashNews мәліметінше, суретші Ольга Лидия Эрнандес шығармашылық тобымен бірге әуе шарларынан Димаштың мүсінін жасап шыққан. Инсталляция Мексиканың Монтеррей қаласындағы сауда орталығына қойылды.
2-сынып оқушысына зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды

Оқиға Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде болған. Ер адам қыздың үйіне күндіз ата-анасы жоқ кезде Wi-Fi құпиясөзін сұрау сылтауымен барған. Үйде жасы ұлғайған, көзі көрмейтін атасы, 2-сынып оқитын қыз және бесікте жатқан сәби болған. Ер адам осы сәтті пайдаланып қызға жыныстық сипаттағы зорлық әрекетін жасаған.
Дөрекі сленг сөздер жазылған дәптерлер сатылымға шыққан

Желіде Qazaq Бренд компаниясы шығарған дәптерлердің суреті тарады. Дәптердің сыртында жастар арасында кең тараған дөрекі сленг сөздер жазылған.
Алакөлде бөгет салуға 3 миллиард теңге бөлінді

Оның жалпы ұзындығы 6 шақырым болады. Ал 2,5 шақырымы Көктұма ауылына, ал 3,5 шақырымы Ақши ауылына тиесілі.