Трамп жаңа баж салығын енгізді: Тізімде Қазақстан да бар

Дональд Трамп әкімшілігі 80-нен астам елге, соның ішінде Қазақстанға да әсер ететін жаңа импорттық баж салығын енгізгенін жариялады. Жаңа тарифтер 24 шілдеде бұрынғы 10%-дық баж салығының мерзімі аяқталғаннан кейін бірден күшіне енеді.

Еуроодақ Ресейге қарсы 21-санкциялар пакетін енгізді

Жаңа шектеулер Ресейдің банк секторына, мұнай кірісіне, «көлеңкелі флотына» және әскери өнеркәсібіне қатысты. Мәселен, тағы 33 ресейлік банкпен кез келген қаржы операциясын жүргізуге тыйым салынып отыр. Бұл қаржы ұйымдары халықаралық SWIFT төлем жүйесінен ажыратылады. Сондай-ақ, Ресейдің 94 банкі активтері бұғатталатын санкциялық тізімге енгізілді. Осылайша Еуроодақтың түрлі шектеулері енді Ресейдің банк секторының шамамен жартысына қатысты қолданылады.

«Абысын-ажын»: Татулық пен тағылым

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен отбасы құндылықтарын дәріптеген «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық «Абысын-ажын» байқауы ұйымдастырылды. Бұл жиында ауданның үлгі тұтар әулеттерінің келіндері 3 кезең бойынша өзара бақ сынасып, өздерінің салт-дәстүрге деген құрметтерін көрсетті. Татулық пен ынтымақтастық дәріптелген шара жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.

Әр дауыс – ел мүддесі үшін!

23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Бұл – азаматтардың өз таңдауын жасап, қоғамның дамуына ықпал етуіне мүмкіндік беретін маңызды науқан.

23 тамыз – ел болашағына бейжай қарамайтын әр азамат үшін маңызды күн!

23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны өтеді. Бұл – қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға үлес қосатын, халықтың үнін жеткізетін өкілдерді таңдауға мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан.

Қазақстан мен Қытай биопестицидтерді бірлесіп әзірлеуге кіріспек

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі уағдаластықтарын іске асыру аясында Қазақстан мен Қытай өсімдіктерді биологиялық қорғау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға кірісті.

Найробиде Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасы талқыланды

Қазақстанның БҰҰ-ның Найробидегі бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында мамандандырылған Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

«Резидентура түлектері жаппай құлады»: Министрлік желідегі ақпаратты жоққа шығарды

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған резидентура түлектері жаппай қорытынды аттестаттаудан өте алмады деген ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, емтиханға қатысқан 3684 түлектің 3540-ы немесе 96,5%-ы шекті деңгейден сәтті өткен.

Бірыңғай QR үшін комиссияны кім төлейді: Ұлттық банк түсіндірді

Ұлттық банк Бірыңғай QR жүйесі арқылы төлем жасау кезінде комиссияның қалай есептелетінін түсіндірді. Ведомствоның мәліметінше, сатып алушылар үшін QR арқылы төлем жасау тегін, ал кәсіпкерлерден алынатын комиссия қолданыстағы банкаралық карта төлемдерінен жоғары болмайды.