Елордада 500 млн теңге көлеміндегі ірі алаяқтық жасаған әйелге үкім шықты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Астанада жұртты алдаған әйел сот үкімімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, әйел адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы таныстарына, көршілеріне және бұрыннан араласатын адамдарға қатысты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасаған. Ол азаматтарды өзінің түрлі байланыстары мен ипотеканы жедел рәсімдеуге, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін жағдайлары бар екеніне сендіріп, жаңылыстырған. Осы сылтаумен жәбірленушілерді өзіне ақша беруге, өз атына несие рәсімдеуге немесе жылжымайтын мүліктерін кепілге қоюға көндіріп, кейін алынған қаражатты иемденіп отырған.

Жалпы алғанда, оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 500 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар