Еуроодақ Ресейге қарсы 21-санкциялар пакетін енгізді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Жаңа шектеулер Ресейдің банк секторына, мұнай кірісіне, «көлеңкелі флотына» және әскери өнеркәсібіне қатысты. Мәселен, тағы 33 ресейлік банкпен кез келген қаржы операциясын жүргізуге тыйым салынып отыр. Бұл қаржы ұйымдары халықаралық SWIFT төлем жүйесінен ажыратылады. Сондай-ақ, Ресейдің 94 банкі активтері бұғатталатын санкциялық тізімге енгізілді. Осылайша Еуроодақтың түрлі шектеулері енді Ресейдің банк секторының шамамен жартысына қатысты қолданылады.

Еуроодақ Ресейдің «көлеңкелі флотына» қарсы санкцияларын кеңейтті. Қара тізімге тағы 41 кеме, сондай-ақ осы флоттың қызметіне қатысы бар сегіз ұйым мен бір жеке тұлға қосылды.

21-санкциялар пакеті аясында санкциялық тізімге қосымша 218 жеке және заңды тұлға енгізіледі.

Еуроодақ кеңесі Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетті деп танылған 51 ұйымды қатаң экспорттық шектеулер қолданылатын тізімге енгізді. ЕО мәліметінше, аталған ұйымдардың бірқатары Қытайда (оның ішінде Гонконгта), Үндістанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан. Брюссель олардың Ресейдің экспорттық шектеулерді айналып өтуіне көмектескенін айтады. Бұл микроэлектроника, сандық бағдарламамен басқарылатын станоктар және жартылай өткізгіштер өндірісіне арналған жабдықтарды жеткізуге қатысты болып отыр.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар