
Иран АҚШ-тың әскери соққылары жалғасқан жағдайда Парсы шығанағындағы стратегиялық инфрақұрылымға қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті.
Reuters мәліметінше, Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Сауд Арабиясы, Катар, Түркия және басқа да өңір елдерін АҚШ президенті Дональд Трампты әскери әрекеттерден бас тартып, келіссөздерге оралуға көндіруге шақырған.
Тегеран дипломатиялық шешімді қолдайтынын, алайда Иранға шабуыл жасалған жағдайда қарымта жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. Қатар, Оман және Сауд Арабиясы да АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді қайта жандандыруды қолдап отыр.
Дереккөз: @baq_kz


