
Қытайдың Сауда министрлігі АҚШ-тың 43 қытайлық компанияға санкция салуы және Қытайда өндірілген жаңа дрондар, роботтар мен инверторларды импорттауға шектеу енгізуіне жауап ретінде бірқатар шара қабылдады. Ведомство әзірге қабылданған қадамдардың «ұстамды сипатта» екенін мәлімдеді.
Қытай жеті америкалық ұйымды қара тізімге енгізіп, олармен сауда жасауға және кез келген ынтымақтастыққа тыйым салды. Сонымен қатар АҚШ-қа дрондар, олардың негізгі бөлшектері мен қос мақсаттағы технологияларды экспорттау тәртібі қатаңдатылды. Мұндай өнімдерге лицензия беру кезінде жеңілдетілген рәсімдер енді қолданылмайды.
Бұдан бөлек, Бейжің америкалық агенттіктердің Қытайдағы міндетті сертификаттау жүйесі аясында зауыттарды тексеру өкілеттігін уақытша тоқтатты. Сондай-ақ шетелдік жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуі бар импорттық кеңсе жабдықтарына қатысты арнайы тергеу басталды.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_silkway


