
Қазіргі заманда елдің дамуы тек табиғи ресурстармен немесе өндіріс көлемімен өлшенбейді. Білімді адам, жаңа технология және кәсіби маман барған сайын маңызды бола түсуде.
Менің ойымша, осы тұрғыдан Конституциядағы адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны дамыту бағыттарының маңызы ерекше.
Бүгінгі студент ертеңгі инженер, дәрігер, мұғалім, бағдарламашы немесе кәсіпкер болуы мүмкін. Оның бүгін алған білімі мен меңгерген дағдысы ертең ел экономикасына қажет болуы ықтимал.
Сондықтан жастарға заманауи білім беру, IT мен жасанды интеллектіні меңгеруге мүмкіндік жасау, кәсіптік білімді дамыту — болашаққа салынған инвестиция деп қабылдауға болады.
Өзгеріп жатқан әлемде ең маңызды ресурс — жаңа білімді тез меңгеріп, оны нақты іске айналдыра алатын адам деп ойлаймын.


