Балалардан интимдік фото сұраған

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Аталған жағдай Шымкентте болған. Ер адам желіде 10–12 жастағы балалармен танысқан. Ал өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кірген соң, мессенджерлер арқылы сөйлесуді жалғастырған. Ол онлайн ойын арқылы бір қызбен танысып, телефон нөмірін сұраған. Кейін WhatsApp арқылы хат алмасып, баладан интимдік фото-видео жіберуді талап еткен.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам өз кінәсін мойындаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар