Күшті мемлекет – тұрақты институттар мен нақты жауапкершілікке негізделеді

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындай отырып, тұрақты мемлекеттік жүйенің негізін қалыптастырады. Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, Президент жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам Президент болып бір реттен артық сайлана алмайды. Сонымен қатар мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылы мен өкілеттіктері нақты белгіленген.

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге»

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ұстаз – ұрпақ тәрбиесіне жол көрсетіп, білім нәрін себетін, қоғамдағы орны ерекше мамандық иесі. Дәл осындай құрметке лайық жандар – мұғалімдер күніне орай, Келес аудандық Әшірәлі Кенжеев атындағы мәдениет үйінде білім саласының 50-ге жуық үздіктерін ұлықтаған мерекелік жиын өтті. Басты мақсат – ұстаздардың еңбегін бағалап, кәсіби жетістіктерін атап өту және оларға құрмет көрсету болып табылады.

Эбола Кенияға жетті: бір адам көз жұмды

Ауруды алғаш жұқтырған адам ақыры көз жұмған. Ол індет кеңінен таралған көршілес Конго Демократиялық Республикасында 11 жыл тұрып, 4 күн бұрын ғана Кенияға келген екен.

БҰҰ Газада атысты тоқтатуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды. Бұл үндеу ХАМАС-тың Израильге шабуыл жасағанына тура үш жыл толған күні жасалды. Содан бері Израильдің Газаға соққыларынан қаза тапқандар саны 74 мыңнан асты.

9 айда теміржол арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан теміржол желісі арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп (9,61 млн тонна). Экспорттық тасымал көлемі 8,4 млн тоннаға жетті.