БҰҰ Газада атысты тоқтатуға шақырды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды. Бұл үндеу ХАМАС-тың Израильге шабуыл жасағанына тура үш жыл толған күні жасалды. Содан бері Израильдің Газаға соққыларынан қаза тапқандар саны 74 мыңнан асты.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

– Атысты біржола тоқтататын уақыт келді. Барлық тарап өз міндеттемелерін орындауы керек. Газа секторына гуманитарлық көмек кедергісіз жеткізілуі тиіс. Халықаралық құқық талаптары да сақталуы қажет. Биылғы жыл тек қайғымен есте қалмай, жаңа бастамаға жол ашуы керек. Израильдіктер мен палестиналықтар бейбіт әрі қауіпсіз өмір сүре алуы керек. Олар өз құқықтары мен армандарын жүзеге асыратын болашаққа лайық.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар