
Ормуз бұғазының Оман жағасына жақын маңда тағы мұнай танкеріне атқыланды.
Сұлтанаттың Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша Панама туын қадаған коммерциялық кеме бұғаз арқылы өтуге әрекет ету кезінде шабуылға ұшыраған. Соққы өрт тудырды. Оманның әскери-әуе күштері 10 экипаж мүшесін шұғыл құтқару операциясын өткізген. Борттағы 19 адамның 17-сі Үндістан азаматы болып шықты. Бұл туралы үнді елінің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Бірақ шабуылды нақты кімдер жасағаны және кемедегі адамдардың хал-ахуалы туралы әзірге ақпарат жоқ.
Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/797331-ormuz-bugazynda-munaj-tankerine-shabuyl-zhasaldy


