Ресей «Дружба» мұнай құбыры арқылы Қазақстан мұнайын Германияға жеткізуді тоқтатпақ – БАҚ

Ресей 1 мамырдан бастап “Дружба” мұнай құбыры арқылы Қазақстаннан Германияға мұнай жеткізуді тоқтатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ электр сымдарына тиіп, жерге құлады

Оқиға АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған. Cessna 172 маркалы ұшақ электр желісіне тиіп, көлік бөлшектері сатылатын дүкен тұрағына құлаған. Ал әуе көлігінің ішіндегі ұшқышты куәгерлер шығарып алған. Ол ауруханаға жеткізілген.

«Қолайсыңдар, оқырман!»

Бүгін таңды біз де алматылықтар секілді бастайын дедік. Себебі желіде мына бір жазбаны көзіміз шалды. Бұл Алматы қаласы Жас қанат ықшам ауданындағы 192 мектеп қоршауына ілінген баннер. Ал онда: «Қолайсыңдар – уақытша пайдасы – мәнгіге» деген түсініксіз сөйлем жазылған. Десе де бұл жазу кейін қайта түзелген.

САРЫАҒАШ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Шаңырақ» жастар мен «Жас отбасыларды қорғау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сарыағаш аудандық орталық кітапхана мен мәдениет үйінде «Жалпыұлттық құндылықтар – ел дамуы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар» апталығы барысында қазақ халқының бай мұрасы кеңінен насихатталды.

ҚОНЫС АУДАРУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Азаматтарды еңбек тапшылығы бар өңірлерге ерікті түрде көшіру бағдарламасы аясында ауданымызда ауқымды жиын өтті. Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарынан келген делегаттар “Жаңа қоныс- 2026” жәрмеңкесі шеңберінде жергілікті тұрғындарға ерікті қоныс аудару, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер және әлеуметтік қолдау тетіктері жөнінде ақпарат берді. 6 облыстан жалпы саны 11856 бос жұмыс орны ұсынылды.

БАЛҒЫН ӨНЕРПАЗДАР БАҒАЛАНДЫ

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Бүр жарған бүлдіршіндер» аудандық әнші биші балалар байқауы өтті. Дәстүрлі шараға өңіріміздің талантты жастары қатысып өзара бақ сынады. 11 әнші 9 би тобы қатысқан байқауда ауданымыздың өнер майталмандары төрелік етті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.