САРЫАҒАШ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Шаңырақ» жастар мен «Жас отбасыларды қорғау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сарыағаш аудандық орталық кітапхана мен мәдениет үйінде «Жалпыұлттық құндылықтар – ел дамуы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар» апталығы барысында қазақ халқының бай мұрасы кеңінен насихатталды.

ҚОНЫС АУДАРУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Азаматтарды еңбек тапшылығы бар өңірлерге ерікті түрде көшіру бағдарламасы аясында ауданымызда ауқымды жиын өтті. Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарынан келген делегаттар “Жаңа қоныс- 2026” жәрмеңкесі шеңберінде жергілікті тұрғындарға ерікті қоныс аудару, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер және әлеуметтік қолдау тетіктері жөнінде ақпарат берді. 6 облыстан жалпы саны 11856 бос жұмыс орны ұсынылды.

БАЛҒЫН ӨНЕРПАЗДАР БАҒАЛАНДЫ

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Бүр жарған бүлдіршіндер» аудандық әнші биші балалар байқауы өтті. Дәстүрлі шараға өңіріміздің талантты жастары қатысып өзара бақ сынады. 11 әнші 9 би тобы қатысқан байқауда ауданымыздың өнер майталмандары төрелік етті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.