Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»

Фото: Ақорда

«Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды.

Яғни, біз үшін экологиялық қауіпсіздік пен өсіп-өркендеу жай ғана мәселе емес. Ол ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі және ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы ретінде қарастырылады.

Қазақстан:

экологиялық таза энергия өндірісіне көшу;

биоалуантүрлілікті қорғау;

тозған жерлерді қалпына келтіру;

су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіру;

су үнемдеу саясатын енгізу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту бағыттарындағы шараларды қолға алды.

Әлбетте, ешбір ел жалғыз жортып, табысқа жете алмайды. Сондықтан аймақтық және жаһандық деңгейде күш жұмылдыруға баса мән береміз.

Біз аталған міндетті нақты іс, жаңа технологияларды игеру және тұрақты дамуға ұзақмерзімді инвестиция салу арқылы орындаймыз».

Дереккөз: Ақорда

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp