Иран Ормуз бұғазында екі кемені басып алды

Иран әскері Ормуз бұғазында екі шетелдік кемені басып алды. Оқиғалар туралы бейнежазбаны мемлекеттік телеарна көрсетіп, оны «Рейтер» агенттігі таратты.
Атырау даласынан адам сүйектері табылды

Бұл жағдай Жылыой ауданындағы Қаратон ауылы маңында болған. Желіде тараған видеодан бас сүйек, шашылып жатқан сүйектерді көруге болады. Видео авторының сөзінше, бұл өткен ғасырдың 1990 жылдары тұрғындары көшірілген «ескі Қаратон» аумағы болуы мүмкін.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеретін ірі жоба жүзеге асырылуда. Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Turkestan Agro.kz ЖШС базасында қолға алынған кешен толық қуатына шыққанда өңірдегі ең ірі өндірістік алаңдардың біріне айналмақ. Қазірдің өзінде мега-фермада 30 мыңға жуық мал бордақылануда. «Ақылды» ферма қалдықсыз өндіріс қағидатына негізделген.
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ 200 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ АҒЫН СУ КАНАЛДАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Сарыағаш қаласы аумағынан өтетін Рамадан каналынан таралатын Р-4-3 каналын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Механикалық тазалау жұмыстарымен аудан әкімі Арман Абдуллаев танысып, жұмыстардың сапалы әрі уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында «Су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүдделі екені атап өтілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Бернар Фонтананы қабылдады

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен EDF арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Компания төмен көміртекті және атом энергетикасы саласы бойынша әлемдегі жетекші ұйым саналады.
ТӘРТІП ПЕН ТАЛАНТ ТОҒЫСҚАН КЕШ

Заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіру және өнерлі жастарды қолдау мақсатында Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп – тыныштық кепілі» аясында, «Жеребенің жүйріктері» атты мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Жиын барысында жас ақындар көпшілікке қоғамдағы маңызды түйіткілдерді өнерлерімен жеткізді. Жауапкершілік пен тәртіп дәріптелген шара туралы алдағы сюжетте.
Дональд Трамп бүгін түнде мерзімі аяқталатын Иранмен арадағы 2 апталық оқ атпау режимін ұзартты.

Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Біріккен Араб Әмірліктерінде оқушылар мектепке оралды.

Кейінгі 7 апта бойы балалар қашықтан оқыған еді. Бұған Иранның Араб елдерін зымыранмен атқылауы себеп. Енді қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, мектептер қайта ашылды.
Ресей Қазақстан мұнайының Германияға экспортын тоқтатады: СІМ пікір білдірді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ресейдің Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізуді тоқтатуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.