Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны таныстырылды

Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны таныстырылды.
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады.
Ел игілігіне берілген медициналық нысан

Ақжар ауылында тұрғындар игілігіне арналған жаңа дәрігерлік амбулатория есігін айқара ашты. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған медициналық нысанның ашылу салтанатына облыс және аудан әкімдері қатысып, жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады.
Қазақстан мен Алжир кәсіпкерлері арасында Республика күні қарсаңында Бизнес-телекөпір өтті

Қазақстан Республикасының күні, Қазақстан Тәуелсіздігінің 35-жылдығы және Қазақстан мен Алжир арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30-жыл толуына орай Қазақстанның Алжирдегі Елшілігі қазақ-алжирлік сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған бизнес-дөңгелек үстел мен телекөпір ұйымдастырды.
Республика күніне орай елімізде мерекелік жеңілдіктер басталды

ОғанRepublic Day және Bereke Fest акциялары кіреді. 17 қазаннан бері науқанға еліміз бойынша 649 сауда нысаны қосылды.
Трамп Зеленскийді Путинмен кездеспей-ақ Ресеймен келісімге келуге шақырды

Оның пікірінше, Украина халқы соғыстың жалғасуына шыдай алмайды, сондықтан Киев ұсынылған шарттарды қабылдауға дайын болуы керек.
Қазақстанда 1 500-ден астам пойыз вагоны Starlink интернетіне қосылды

«Қазақстан темір жолы» 51 бағыттағы 1 500-ден астам жолаушылар вагонын Starlink спутниктік интернетімен жабдықтады. Бұл қызметті жыл сайын 11 миллионнан астам жолаушы пайдалана алады.
Сирия 14 жылдан кейін халықаралық банк жүйесіне қайта қосылды

Сирия 14 жылда алғаш рет америкалық банк арқылы аккредитив ашты. Бұл оған Сауд Арабиясынан жанармай сатып алуға мүмкіндік береді. Оған АҚШ-тың Джи пи Морган банкі көмектескен. Банк аккредитивтің расталуына және оның орындалуына кепілдік берді. Келісім аясында Сирияға алғашқы 65 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Алдағы уақытта бензин мен жеңіл мұнай импорттау жоспарланып отыр. Бұл – бірнеше жыл халықаралық оқшаулауда болған Сирияның әлемдік қаржы жүйесімен байланысын қалпына келтірудегі маңызды қадам.
АҚШ Венесуэла мұнайын Үндістанның өңдегенін қалайды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Үндістанның Венесуэла мұнайын көбірек өңдеуіне мүдделі. Сол үшін үнді еліне осы мемлекеттегі жетекші компанияларды Оңтүстік Америкаға шақыру мақсатында келді. Ол Джамнагардағы тәулігіне шамамен 1,5 миллион баррель шикізат өңдей алатын кешеннің Венесуэлада да болғанын қалайды. Соңғы уақытта бұл кәсіпорын Венесуэла мұнайының ірі импорттаушыларының біріне айналды. Енді мұнай өндіруге де қатысуы мүмкін.
Шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған

Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы ұйымдастырушы Маңғыстау облысының кәсіпкері жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алуға, кейіннен мұнай «Standart Petroleum» және «Mangystau Oil Refining» шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңдеп, жалған сапа паспорттарын ресімдеуге шарттар жасасқан. Одан әрі өнім пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау теңіз порты арқылы танкермен шетелге шығарылған, деп хабарлады ҰҚК.