
ОғанRepublic Day және Bereke Fest акциялары кіреді. 17 қазаннан бері науқанға еліміз бойынша 649 сауда нысаны қосылды.
Азық-түлік пен басқа тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік
Сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар арнайы бағамен ұсынылады. Кейбір тауар санаттарына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.
Republic Day: 232 сауда орталығы мен сауда үйі
Олардың қатарында Астанадағы MEGA Silk Way және «Хан Шатыр», Алматыдағы MEGA Alma-Ata, MEGA Park және Forum Almaty, Шымкенттегі Mega Planet пен Shymkent Plaza бар.
Bereke Fest: сауда желілерінің 417 дүкені
Олардың арасында Magnum, SMALL, «Астықжан» және GraMad бар. Мерекелік ұсыныстар еліміздің басқа өңірлеріндегі сауда орындарында да қолжетімді.
Жеңілдіктердің мөлшері, тауарлар тізімі және сатып алу шарттары туралы ақпаратты сауда ұйымдарының өздері ұсынады.
Мерекелік акциялар 27 қазанда аяқталады.
Дереккөз: 24kz


