
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Үндістанның Венесуэла мұнайын көбірек өңдеуіне мүдделі. Сол үшін үнді еліне осы мемлекеттегі жетекші компанияларды Оңтүстік Америкаға шақыру мақсатында келді. Ол Джамнагардағы тәулігіне шамамен 1,5 миллион баррель шикізат өңдей алатын кешеннің Венесуэлада да болғанын қалайды. Соңғы уақытта бұл кәсіпорын Венесуэла мұнайының ірі импорттаушыларының біріне айналды. Енді мұнай өндіруге де қатысуы мүмкін.
Бұл бастама Вашингтон мен Нью-Дели арасындағы сауда байланысын нығайтуға ықпал етуі ықтимал. Бұған дейін АҚШ Ресей мұнайын сатып алатын елдерге қатысты ықтимал санкциялардан уақытша босату шарасын қабылдаған. Оның ішінде Үндістан да бар. АҚШ Венесуэла мұнайын өткізу нарығын кеңейтіп, Үндістанмен энергетикалық әріптестігін күшейтуге ұмтылып отыр.
Алайда бұл қадам Ресей мұнайына қатысты Вашингтонның саясатына байланысты пікірталастарды да күшейтуі мүмкін.
«Үндістан – мұнай өңдеу бойынша нағыз алпауыт ел, оларда мұны жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Оларда мұндай жұмысты қалай атқару керек екенін білетін компаниялар бар. Сонымен қатар, олардың Венесуэлада мұнай концессиялары бұрыннан бар», – деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


