Италия жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар мен тонаушыларға жазаны күшейтеді

Шешім демалыс күндері Милан, Турин және басқа қалаларда болған тәртіпсіздіктерден кейін қабылданды. Онда негізінен жастардан құралған топтар дүкендердің әйнектерін қиратып, тонаумен айналысып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасаған.

Қазақстан мен Пәкістан кеден заңнамасының бұзылуына қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтеді

Құрылтай Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдады.

Спорт саласының мамандары тазалық жұмыстарына қатысты

Спорт саласы қызметкерлерінің басты мақсаты – жеңіс тұғырынан көрінетін шәкірт дайындау. Бұл жолы сарыағаштық жаттықтырушылардың басты мақсаты – спорттық жетістікпен ғана шектелмеді. Олар өз істері арқылы жас ұрпаққа үлгі көрсетті. Толығырақ, бейнематериалда.

Қытай Ресей газын жарты бағаға алып отыр

Ресей Қытайға табиғи газды бұрын-соңды болмаған жеңілдікпен сатпақ. Кремль бюджетіне қатысты жарияланған есеп бойынша, биыл «Газпром» Қытайға газдың мың текше метрін орта есеппен 248 долларға жеткізеді. Ал басқа алыс шетелдік нарықтардағы баға 562 доллар болады. Айырмашылық – 56 пайызға жуық.

Волгоград пен Санкт-Петербург қалалары қайтадан Сталинград және Ленинград болып өзгертілмек

Көрші елде қалалардың тарихи атауларын қайтару мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты. Төрт қала атауын өзгертіп те үлгерді. Ресей МемДумасындағы Коммунистік партия фракциясының депутаты Анжелика Глазкова Волгоград пен Санкт-Петербург қалаларына тиісінше Сталинград және Ленинград атауларын қайтаруды көздейтін заң жобасын енгізді. Құжат РФ Парламентінің электронды деректер базасында жарияланды.

30 мың әскери қызметшінің несиесі кейінге шегерілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, төлемді кейінге қалдыру мерзімді қызметтің барлық кезеңіне және ол аяқталғаннан кейін тағы күнтізбелік 60 күнге автоматты түрде беріледі. Төлемдік кейінге қалдыру кезеңінде негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдер тоқтатыла тұрады. Бұл ретте кейінге қалдыру кезеңі үшін сыйақы есептелмейді.