Түркістан төрінде жарқыраған сарыағаштықтар

Түркістан төрінде Сарыағаш ауданының өнерпаздары көрермен қошеметіне бөленді. “Өнерлі өлке” фестивалі аясында саялы өңір өнерпаздары қала тұрғындары мен шетелдік туристерді таңдай қақтырды. «Керуен сарай» кешенінде ұлттық көрмемен басталған науқан, кешкі гала-концертке жалғасты. Толығырақ, Айгерім Айтбаеваның сюжетінде.
Маңызды конференция

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Аман Асылбек
Мәдениет майталмандарына құрмет

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Айтулы мейрамға орай, аудандық мәдениет үйінде сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Мәдениет майталмандарына арналған салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов пен аудандық мәслихат хатшысы Рысбек Асылбекұлы арнайы қатысты.
«Өзіңе сен» қайырымдылық кеші

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Айдос Дәулет
Жеті жыл күткен сәт

Сарыағашта жастардың шығармашылығы мен тапқырлығы тоғысқан жайдарман ойындарының аудан әкімінің кубогі үшін финалы өтті. «Қоғам. Жастар. Болашақ» тақырыбында ұйымдастырылған көңілді жастар алаңында 4 команда сынға түсті. Жастардың шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған ойында танымал жайдарманшылар ізбасарларына қолдау көрсетті.
Ақпараттық керуен

Сарыағаш ауданында «Ақпараттық керуен» мобильді тобының жұмысы қарқынды жалғасуда. Бүгін аудан әкімдігі жанынан құрылған топ өкілдері елді мекендерді аралап, жастармен ашық форматта кездесу өткізді. Жарытөбе ауылында ұйымдастырылған жиында оқушыларға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.
ДОСТЫҚ МЕРЕКЕСІ

Сарыағаш қаласында 1 мамыр – Бірлік күні мерекесі кең көлемде аталып өтті. Қаланың орталық саябағында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға түрлі ұлт өкілдері қатысып, өзара достық пен татулықтың үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, мереке аясында саябақта “Достық дастарханы” атты аспазшылар сайысы да өтті.
ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ

Түркістан облысындағы кәсіпкерліктің 45,1% әйел азаматтарға тиесілі. Келестік нәзіжандылар да экономикамыздың алға жылжуына атсалысып келеді. Аудандық мәдениет үйінде өңір азаматшаларының кәсібін дамыту, қаржыландыру тетіктерін түсіндіруге арналған маңызды форум өтті. Шараға Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Аслан Ибадуллаев, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салааралық кеңестің төрайымы Салтанат Төлегенова және аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысты.
«ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ»

«Жасыл болашақ” акциясы Келес ауданында да өтті. Эко-қоғам қалыптастыру, сондай-ақ, ауыл, елді-мекендердегі тазалық деңгейін жақсарту, көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевта қатысты. Бір күн ішінде 10 мыңнан аса сәндік гүлдер егіліп, 1000 астам ағаш егілген эко-акция туралы келесі сюжетте.
1000 ТҮП АҒАШПЕН ТОЛЫҚТЫ

Саялы Сарыағаш 1000 түп ағашпен толықты. “Таза Қазақстан” жалпыұлттық жобасының “Жасыл болашақ” акциясы аясында көктемгі көшет егу жұмыстары жүргізілді. Президент тапсырмасына сәйкес көгалдандыру және абаттандыру шарасына қала және ауылдық округ тұрғындары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсене атсалысты.