Түркістан облысындағы кәсіпкерліктің 45,1% әйел азаматтарға тиесілі. Келестік нәзіжандылар да экономикамыздың алға жылжуына атсалысып келеді. Аудандық мәдениет үйінде өңір азаматшаларының кәсібін дамыту, қаржыландыру тетіктерін түсіндіруге арналған маңызды форум өтті. Шараға Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Аслан Ибадуллаев, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салааралық кеңестің төрайымы Салтанат Төлегенова және аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысты.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Айдос Дәулет





