ФЕДЕРАЦИЯ ТӨРАҒАЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде спорт саласының қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы мен депутаттар қатысты. Федерацяи төрағалары мен аға жаттықтырушылар тағайындалған шара туралы әріптесім жалғайды.
ПСИХОЛОГТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Келес ауданында жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Аудандық прокуратура қызметкерлері өңірдегі білім беру ұйымдарының психологтарымен жүздесіп, ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу жолдарын жан-жақты талқылады. Кездесу барысында мамандар соңғы уақытта қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған факторларға тоқталып, жасөспірімдердің психологиялық жағдайына әсер ететін негізгі себептерді саралады
БЕС КҮНДІК ДАЛА ЖИЫНЫ

Оқушыларға арналған бес күндік оқу-жаттығу дала жиыны басталды. Келес ауданында салтанатты түрде ашылған дәстүрлі шараға өңір әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысты. Сәуірдің 20 мен 24 аралығында мектеп базаларында өтетін дала жиынына 2338 оқушы қатысып жатыр. Абай ауылының орталық алаңындағы салтанатты шара туралы әріптесім айтып берсін.
«ТАЗА АУЛА» АКЦИЯСЫ

Табиғатты таза ұстау – әрбір адамның азаматтық парызы. Осы орайда Сарыағаш ауданы аумағында «Таза аула» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылып, көпшілік тарапынан үлкен қолдау тапты. Тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға шақыру, елді мекендердің тазалығын сақтауға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған науқан туралы алдағы сюжетте.
ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды іске асыру аясында елімізде заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ерекше мән берілуде. Осыған орай, Сарыағаш ауданында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге арналған «Ашық есік күні» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Шарада заң консультанттары тұрғындарға сауалдары бойынша тегін кеңес берді.
АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Эко-шараның мақсаты – тұрғындар арасында қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және аймақ тазалығын сақтау. Сенбілікке Арман Айдарұлы бастаған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысып, қала мен ауыл аумақтарын тазалау жұмыстарына жұмылды.
ҒИБРАТҚА ТОЛЫ ҒҰМЫР

Жүзімдік ауылындағы №31 Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде ерекше мәнге ие, көпке үлгі боларлық тағылымды шара өтті. Білім ұясының ұжымы ұлағатты ұстаз Перне Қалымбетованы құрметпен зейнет демалысына шығарып салды. Қимастықпен қоштасқан әріптестері үшін бұл- мұғалімді зейнетке шығарып салу кезеңі ғана емес, тұтас бір дәуірмен қоштасқандай әсер қалдырған тағылымды сәттердің біріне айналды.
«ТАҢБАЛЫ ҚАЛАМ, ТАҒЫЛЫМДЫ ҒҰМЫР»

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде журналист Тәңір Нұржановтың 100 жылдығына арналған аудандық буктрейлер байқауы өтті. Байқауда аудан аумағындағы мектептердің оқушылары бақ сынады. Ал Алматы, Тараз қалаларының қатысушылары онлайн форматта қатысты. Мақсат – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және Тәңір Нұржановтың еңбектерін насихаттау.
ДЕРБІСЕКТЕГІ ДҮБІРЛІ ТОЙ

Дербісек ауылында Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде, кең көлемде тойланды. Ауыл тұрғындары көтеріңкі көңіл күйде мерекелік дастархан жайып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынды. Мерекелік шараны 2002 жылы туған ауыл жастары ұйымдастырды.
САРЫАҒАШ ТӨРІНДЕГІ ӘЗ – НАУРЫЗ

Сарыағаш төрінде әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Ұлыстың ұлы күніне арналған салтанатты шара ұлттық нақышта безендіріліп, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін айшықтады. Мерекелік той-думанда халқымыздың салт-дәстүрлері көрініс тапты. Алаңда киіз үйлер тігіліп, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.