ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ДАҒДЫСЫ

Әлімтауда жаңа мединицалық нысан бой көтермек. Ал Қарақалпақ елді мекенінде балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр. Тіпті, нысанның сметалық құжаттамасы дайын екен. Осы және өзге де жоспарлар, атқарылған жұмыстар Арман Абдуллаевтың Әлімтау және Жылға ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
Михаил Шайдоров Олимпиададағы алтын жүлдесі үшін шамамен 123,7 миллион теңге алады

Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар төленеді.
ШАҢЫРАҒЫН ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН ШАҚАЛАҚТАР

Үш еселенген бақыт – 38 жастағы Феруза Әбдірова, үшем дүниеге әкелді. Алтын құрсақты ана мен шаңырағына құт боп қонған Сара, Дара және Зере, перинаталық орталықтан үйлеріне оралды. “Бегім-арт” клиникасының учаскелік дәрігерлері сәбилердің жағдайын біліп қайтты.
ТӨЛ ӨНЕР ДӘРІПТЕЛДІ

Дархан елді мекенінде халқымыздың саф өнері дәріптелді. Асыл қазынамыз дәстүрлі ән мен терме өнерін насихаттауға бағытталған «Дәстүрлі ән – халық мұрасы» атты мәдени шараға ауданымызға белгілі жыршы-термешілер қатысты. Өз деңгейінде ұйымдастырылған кеш жайын әріптесім әспеттесін.
КӨКЕ – ЖӘКЕСІЗ МАНСАП

Конкурссыз және көке-жәкенің қолдауынсыз мемлекеттік қызметте жоғарылауға жол ашық. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек, ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеу керек», – деп баса айтқан болатын. Мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалана білген келестік маман туралы алдағы сюжетте.
6 АУДАНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА

Президент тапсырмасымен Сарыағашта 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров медициналық нысанның іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Үш негізгі блоктан құрылатын аурухана Сарыағаш, Келес, Мақтарал, Жетісай, Шардара, Қазығұрт аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
АЙМАҚ ӘЛЕУЕТІ

Сарығаш ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 385,8 млрд теңгені құраған. Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі жыл қорытындысымен 137,2 млрд теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,5 млрд теңге көлемінде. Сондай-ақ, негізгі капиталға 82,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы аудан әкімі Арман Абдуллаев бақ өкілдерімен өткізген брифингте айтты.
Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ

Ақпан айының алғашқы бейсенбісі – дүниежүзілік сайлау күні. Бұл дата – дауыс беру құқығы азаматтық қоғамның негізі екенін айқындайды. Айтулы датаға орай Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы студенттермен кездесіп, ашық пікір алмасты.
ЖАҢҒЫРҒАН ЖӘДІГЕР

№27 «Шәкәрім» жалпы білім беретін мектебінде ұлттық рухты ұлықтаған «Айтыс – ел мұрасы» атты өнер додасы өтті. Ата-бабадан келе жатқан асыл мұрамыз – айтыс өнерін жас ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат еткен бұл шараға бастауыш сынып оқушылары мен 5-сыныптың өнерлі, талапты оқушылары белсене қатысты.