Ақүй ауылдық клубында жергілікті кәсіпкерлер мен жастардың қатысуымен тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға кәсіпкерліктің қыр-сырын таныстырып, еңбекқорлық пен іскерліктің маңызын түсіндіру. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіп бастауға қатысты пайдалы кеңестер алды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





