Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа тарихи мұраны таныту мақсатында ашылған Сарыағаш аудандық өлкетану музейі бүгінде өз жұмысын жалғастырып жатыр. Мұражай өткеннің өнегесі мен тарихтың ізі сақталған орын. Мұнда 8 этномәдени орталықтың тарихы мен мәдениетін танытатын бұйымдар да қойылған. Ал сіз қорында 3000-ға жуық құнды жәдігері бар бұл мұражаймен таныссыз ба?
Авторлар: Замира Құралбайқызы, Нұрболат Еркін





