Келес ауданында жастар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу, нашақорлықтың қоғамға төндіретін қауіп-қатерін түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз болашақ» форумы өтті. «Заң мен тәртіп» қағидатын негізге алған тағылымды шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы




