Полиция алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

Соңғы уақытта егде жастағы азаматтар алаяқтардың құрбанына жиі айналуда. Қаскөйлер өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен азаматтардың ақшасы мен жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады.

Бүгін ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, дипломат әрі түркі әлемінің көрнекті ойшылы Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды

Олжас Сүлейменовтің есімі отандық әдебиет тарихы мен еліміздің мәдени дамуында айрықша орын алады. Оның шығармашылығы, азаматтық ұстанымы және кең ауқымды ағартушылық қызметі – халыққа, елге және бейбітшілік мұраттарына адал қызмет етудің жарқын үлгісі.

Оқушыларымыз Халықаралық философия олимпиадасында алғаш рет марапатқа ие болды

14-17 мамыр аралығында Варшава қаласында 10-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық философия олимпиадасы өтті. Биылғы білім бәйгесіне әлемнің 50-ден астам елінен 118 оқушы қатысып, өзара бақ сынады.

Халықаралық дода қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназиясының 11-сынып оқушысы Евгения Шатохина мен «Алматы-Медеу» Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сәкен Заңғар ел мерейін үстем етті.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар аталған олимпиада тарихында алғаш рет марапатқа ие болып отыр. Бұл – еліміздің жас зияткерлерінің философиялық ойлау мәдениеті мен білім деңгейінің қалыптасқанының айқын көрінісі.

Жәдігерлер сөйлейді: Өткен мен бүгін

Ұлттық құндылықтарымыз бен көнеден келе жатқан ұрпағына аманат болған аудан тұрғындарынан жинақталған мұраларды таныстыру мақсатында Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану мұражайында «Музей түні» атты ашық есік күні акциясы ұйымдастырылды. 18-мамыр «Халықаралық музей» күніне орай ұйымдастырылған шара барысында «Музей жәдігері», «Көненің келбеті» тақырыбында көрме қойылып, маңызды мағлұматтар мен тарихи деректер музейге келушілерге ұсынылды. Өткен мен бүгіннің арасын жалғаушы жиын жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді

«Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы. Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған шежірелі шаһар. Көне қала қашанда түбі бір түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы саналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.