
Компания таратқан мәліметке сәйкес, 16 мамырда сағат 23:10 шамасында №3 пештің кептіру алаңында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жартылай бөлінген материал құлаған. Сол сәтте аумақта екі жұмысшы болған.
Оқиғадан кейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер диірмен операторынан оң жақ жіліншік сүйегінің сынуын анықтап, оны ауруханаға жатқызса, оң жақ жіліншік тұсынан жарақат алған екінші жұмысшыны тексеруден кейін амбулаториялық ем алуға жіберді.
Қазір оқиғаның мән-жайын Павлодар облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы зерттеп жатыр.
Дереккөз: 24kz


