Қазақстаннан Америкаға тікелей рейс ашылады

Мұхиттың арғы бетіндегі құрлыққа тікелей рейс келер жылы ашылмақ. Тың жаңалықты үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады.
Үндістанда екі піл төбелесіп, туристі таптап өлтірді

Қайғылы оқиға Карнатака штатындағы Дубаре атты жабайы табиғат паркінде болған. Таңғы уақытта туристерге пілдердің тамақ ішу, жуыну секілді тіршілігін жақыннан көруге рұқсат берілген. Осы кезде кенеттен екі піл төбелесіп, біреуі әйелдің үстіне құлап түскен.
Димаш Құдайберген Бангладештің Кокс-Базар өңіріне гуманитарлық миссиямен келді

БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген гуманитарлық миссия аясында Бангладештің Кокс-Базар өңіріне барды. Бұл туралы satmedia.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сан-Диегода мешітте атыс болып, 3 адам мерт болды

Жергілікті полицияның мәліметінше, қарулы шабуылды 17 және 19 жастағы екі жасөспірім жасаған. Кейін олардың мәйіттері көлік ішінен табылған. Алдын ала дерек бойынша екеуі де өз-өзіне қол жұмсаған.
АҚШ-тың Небраска штатына бірнеше жойқын торнадо соқты

Қатты дауыл көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын темір-терсек үйіндісіне айналдырған. Ондаған тұрғын үйлер мен фермалар толықтай қирады.
Аудандық ата-аналар форумы болып өтті

Келес ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала қауіпсіздігі – қоғам мен ата-ананың міндеті» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Маңызды кездесуге мектеп директорлары, білім бөлімінің басшылығы, ата-аналар комитетінің төрағалары мен құзырлы орган қызметкерлері қатысып, бала құқығын қорғау, интернет қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-ана жауапкершілігі жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Келес спортының жаңа жеңісі

Келес ауданында бұқаралық спортты насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында түрлі жарыстар мен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Осы ретте, Келес аудандық спорт клубының спортшысы Саят Рахымберді Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегері атанды. Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы өткен сайыс жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Аудан аумағында тазалық жұмыстары жалғасуда

Тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен жұмыстар Келес ауданының орталығы Абай ауылында жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясына аудан әкімі, тазалық мамандары мен мемлекеттік мекеме өкілдері қатысып, ауылдың көркейуіне, тазалығына белесене атсалысты. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР!
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жеткізді

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Иран халқына гуманитарлық қолдау көрсету жөнінде берген тапсырмасына сәйкес KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі ҚР СІМ, ТЖМ, ДМ бірлесе отырып Иран Ислам Республикасына арналған гуманитарлық көмекті жеткізді.