Келес ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала қауіпсіздігі – қоғам мен ата-ананың міндеті» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Маңызды кездесуге мектеп директорлары, білім бөлімінің басшылығы, ата-аналар комитетінің төрағалары мен құзырлы орган қызметкерлері қатысып, бала құқығын қорғау, интернет қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-ана жауапкершілігі жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас





