ӘЛЕМДІ АЯЛАҒАН – АНА

Келес ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемді аялаған ана» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында аналар мен әжелерге, аруларға құрмет көрсетілді. Шара барысында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік концерт өтті. Көктемнің шуақты мерекесіне арналған салтанатты кеште қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген аналар мен қыз-келіншектерге құрмет көрсетіліп, олардың ел дамуына қосқан үлесі ерекше аталып өтті.

АЯУЛЫ АНАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КЕШ

1975 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 8 наурызды «Халықаралық әйелдер» күні ретінде ресми түрде бекітті. Осы атаулы мерекеге орай Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында ақ жаулықты әжелерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиын барысында ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды. Қариялар да өз кезегінде ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

АРУЛАРҒА АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

Көктемнің көрігін қыздыратын ең әсем мерекелердің бірі – 8 наурыз «Халықаралық әйелдер» күні Сарыағаш ауданында ерекше құрметпен аталып өтті. Мереке қарсаңында аудан әкімі Арман Абдуллаев өңірдің дамуына үлес қосып жүрген әйелдер қауымымен кездесіп, аналар мен аруларға құрмет көрсетті. Арнайы қабылдауда қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға алғыс айтылып, көпбалалы аналар мен ардагерлерге ерекше ілтипат білдірілді.

ВАК сиыр етін экспорттау, жұмыртқа импорты және аналық мал басын сақтау туралы шешім қабылдады

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін бірқатар түйінді мәселе қаралды.

Дональд Трамп МЛС чемпиондары «Интер Майами» клубын Ақ үйде қабылдады.

Мен ешбір АҚШ президенті бұрын айтпаған сөзді айту құрметіне ие болып тұрмын. Ақ үйге қош келдіңіз, Лионель Месси. Бұл жігіт MLS-ке келді және жеңіске жетті. Көптеген керемет ойыншылар осында келеді, олар жақсы ойнайды, бірақ жеңіске жетпейді. Бірақ Лео, сен келдің және жеңіске жеттің. Месси қазіргі әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы. Ол әлемнің кез келген жеріне бара алатын еді, бірақ осында келуді таңдады. Мен сізді түсінемін, мұнда ауа райы да тамаша — деді президенті.