
Елордада мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері мен делдалдардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды.
Прокуратура мәліметінше, делдалдар емтихан тапсырушыларға теориялық сұрақтардың жауаптарын айтып отырған. Ал ХҚКО қызметкерлері практикалық емтиханнан өткені туралы жалған мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізген.
Қылмыстық іс бойынша алты күдікті қамауға алынды, біреуі үйқамақта, тағы үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Іс сотқа жолданды.
Дереккөз: @baq_kz


