Солтүстікте ажырасу көрсеткіші жоғары

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Биылғы жылдың алғашқы 4 айында 30 мыңға жуық неке тіркелген.

Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 5 жарым пайызға көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметі осындай. Мың адамға шаққанда некеге тұрудың жалпы коэффициенті 5-тен асып тұр. Отау құрған жастардың көбі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында тұрады. Өкінішке қарай ажырасу деректері де көбейіп барады. Биыл 4 айда 14 мың 700-ден астам ерлі-зайыпты некесін бұзған. Бұл көрсеткіш өткен жылдағыдан 7 жарым пайызға көп. 

Ақмоншақ Құралбек, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының сарапшысы:

– Ажырасу коэффициенті халықтың мың адамға шаққанда 2,18 құрады. Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіштері Қостанай облысында, халықтың мың адамға шаққанда 3,15, Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының әрқайсысында 3,06, сондай-ақ Павлодар облысында 2,94 болып тіркелді. 

НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ

  • (2026 ж қаңтар-сәуір)
  • 29 688 неке тіркелді
  • Өсім  –  5,5%
  • 14 789 неке бұзылды
  • ӨСІМ  –  7,5%

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/777058-soltustikte-azyrasu-korsetkisi-zogary

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар