
Бұл туралы елдің денсаулық сақтау саласындағы беделді органы — Роберт Кох институты (RKI) хабарлады.
Қайтыс болғандардың басым бөлігі (4 270-тен астамы) — 75 жастан асқан қарттар. Әсіресе егде жастағы әйелдер қауымы қатты зардап шеккен.
Рекордтық көрсеткіш: Маусым айының соңында Германияның кейбір аймақтарында ауа температурасы +41°C-тан асып кетті. Бұл ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Мамандардың айтуынша, ыстық ауа райы өлімге тікелей себеп болмайды, бірақ ол жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің созылмалы ауруларын күрт асқындырып жібереді.
Аномальды ыстық тек Германияны емес, бүкіл Батыс Еуропаны шарпыды.
Дереккөз: 24kz


