Алматыда 10-қабаттан құлаған қыз ғайыптан аман қалды

Фото: Видеодан скрин жасалған

Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда қыздың алдымен кіреберістің қалқасына, кейін жерге құлағанын көруге болады.

Қызды райынан қайтаруға тырысқан әйелдің айтуынша, түнде әйел адамның айғайлаған дауысын естіп, сыртқа шыққан. Сол кезде бейтаныс бойжеткен 10-қабаттың балконында тұрған, ал жанындағы жігіт көмек сұрап жүгіріп жүрген.

Куәгерлердің сөзінше, қыз бен жігіт болып жүріп жүрген жұптың арасында қатты жанжал болған. Артынша қыз балконнан құлап кеткен. Соған қарамастан, ол аман қалды. Дәрігерлер оның көптеген жарақат алғанын айтты. Бүгін бойжеткен есін жиған.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар