Биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бағытталады

Келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары үзіліссіз жалғасып жатыр. Қаржыландыру көлемі қайтадан ұлғайтылды. Биыл тек электр стансаларын жөндеуге ныспн иелері 384 млрд теңге бөлуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп.

Ғарышқа самғаған тұңғыш қазақ — Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылғы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші май ауылында дүниеге келді. Болашақ батыр жастайынан авиацияға қызығып, мектеп қабырғасында аэроклубқа қатысып, алғашқы парашюттік секірулерін жасады.

Еуропадағы орман өрті: Франция дабыл қақты, Испания төтенше жағдай жариялады

Бордо маңындағы аудандардан ондаған мың тұрғын эвакуацияланды. Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес өрттің бақылаудан шығып, қалаға қарай таралып жатқанын мәлімдеп, ахуалды «өте күрделі» деп бағалады.

Мұнай бағасы арзандады

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің бәсеңдеуіне байланысты әлемдік мұнай бағасы төмендеді. Бұл туралы Reuters жазды.

АҚШ Испанияның әлем чемпионатынан алған жүлдеақысынан 15 млн доллар ұстап қалады

АҚШ заңына сәйкес, елде тұрақты тұрмайтын шетелдік спортшылар мен командаларға төленетін сыйақыдан 30% федералдық салық ұсталады. Сондықтан биыл әлем чемпионатына қатысқан құрамалар алған ақшасынан салық төлеуге міндетті.